Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен жарияланған «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті ақындар арасында «Бағытым-Ислам, Бақытым-Тәуелсіздік» атты діни мүшәйрасын жариялайды.

Мақсаты: Асыл дініміз Исламның құндылықтарын дәріптеу, Ардақты пайғамбарымыздың (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырын насихаттау, Ел Тәуелсіздігін жырлау, отансүйгіштік ұлы мұратты санаға сіңіруге бағытталаған.
Шарттары: Мүшәйраға жасы 18-ден асқан ақындар қатыса алады.
Мүшәйра тақырыптары:
Дін мен дәстүр
Адамзаттың Асылы (Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы)
Отанды сүю-иманнан!
Жәннат ананың табанының астында
Тақырыптарында 4 өлең ұсынылады. Жолданған өлеңдер бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт. Өлеңдер 14 қаріп түрімен 1.5 аралықта терілген,
4 беттен аспауы керек. Талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайтындығын ескертеміз.
Өлеңдер 2016жылдың 30 маусымына дейін қабылданады.
Діни мүшәйра Қадір түнінде қорытындыланып, жүлдегерлерді марапатау шарасы ораза айттың үшінші күні Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Теректі ауылы «Марқакөл» мешітінің ашылу салтанатына орайластырылып өтеді.
Бас жүлде Умра қажылық
1-орын 100.000
2-орын 50.000
3-орын 40.000
Ынталандыру сыйлығы 30.000
Өлеңдер mushayra2016@mail.ru электронды мекен жайға жіберілуі тиіс. Ақындардың аты жөні, байланыс телефоны, мекен жайы көрсетілуі керек.
Байланыс телефоны: 8 708 900 5384
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.06.2016
4928
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру