
Қазақ күресінен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің жүлдесі үшін республикалық сайыс мамыр айының соңында Алматыда өткені белгілі. Қазақтың нар тұлғалы, алыптары белдескен осынау байрақты сайыста шығысқазақстандық палуан Нұржан Мертаев Бас мүфтидің жүлдесін жеңіп алған еді.
Қасиетті жұма күні палуан Нұржан Мертаев пен оның бапкерін қарсы алу шарасы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.
Палуандарды ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы құрметпен қарсы алып, иықтарына қазақ салтымен шапан жапты.
«Діни басқарма дін мен тарих, дін мен дәстүр бағытында ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту жолында көптеген игі шаралар жасап келе жатыр. Соның бірі жыл сайын қазақ күресінен өтетін осы сайыс. Біздің палуандарымыз дүбірлі бәсекеде топ жарып, Бас мүфтидің жүлдесіне ие болуы шығысқазақстандық жамағаттар үшін зор мақтаныш» деп атап өтті.
Палуандар да өздерін қолдап тілекші болған шығысқазақстандықтарға зор ризашылықтарын білдірді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.06.2016
3013
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру