Павлодар облысының әкімі Бакауов Болат Жұмабекұлы қасиетті Рамазан айының алғашқы күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ауызашар берді. Ауызашарға Павлодар қаласының құрметті азаматтары, аталар мен апалар, мешіт жамағаты қатарлы әртүрлі сала өкілдерін қамтыған барлығы 300 адам қатысты.
ҚМДБ-ның өкіл имамы Нариман Ермекұлы ата-бабалар рухына Құран бағыштап, Алла Тағаладан елімізге береке, Отанымызға тыныштық тілеп дұға жасағаннан кейін, облыс әкімі Б.Бакауов көпшілікті сағына күткен қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап: «Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!»,-деп лебізін білдірді.
Алла Тағаланың парыз еткен оразасын ұстап жүрген мұсылмандар алғашқы күнгі ауызашар дастарханынан шөлін басып, дәм татып жатқан сәттерде өкіл имам Н.Исенов, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Хасан Ташайұлы мен қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы Рамазан айының қасиеті, ораза тұтудың парыз екендігі, оразаның екі дүниедегі пайдасы туралы уағыз-насихаттар айтса, облысымыздың құрметті азаматтары Түгелбаев Әбілхақ, Қожанов Оралбек қатарлы ел ағалары Рамазан шәріп мерекесімен құттықтап, жиналған қауымды береке-бірлікке шақырды. Ауызашар соңында да Құран оқылып, ел тыныштығы үшін дұға жасалды.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.06.2016
3398
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру