Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қалтай ата» мешітінің ашылу салтанаты өтті

07.06.2016 3543 0 пікір

Осы жұмада Кереку өңірінің Шарбақты ауданына қарасты «Галкин» ауылының тұрақты тұрғыны, кәсіпкер Қалтаев Мәдениет Тортайұлы өз қаражытын жұмсап, өзі туған жеріне шағын, жаңа мешіт салып берді. Мешітке өткен ғасырдың саяси қуғын-сүргін құрбаны болған, сол елдің азаматы һәм молдасы Қалтай атаның аты берілді. Бұл осы ауданда ашылған сегізінші мешіт саналады.

Мешіттің сиымдылығы – 60 адам. Оның жеке екі қоймасы және дәретханасы бар. Дәрет алатын бөлмесі салқын және жылы сумен қамтамасыз етілген. Мешіт ауласының бір шетінде жаназа шығаратын орын салынған, үсті шатырмен көтерілген. Мешіт тұтас темір қоршаумен қоршалған. Ауласында жас ағаш шыбықтары отырғызылған.

Рухани орданың ашылу салтанатына қатысқан «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Хасан Ташайұлы мен Шарбақты ауданының бас имамы Райынбек Әділ алғашқы жұма намазын өткізіп, Павлодар облысының өкіл имамы Нариман Исеновтың атынан М.Қалтаевқа алғыс хат табыстады. Онда Н. Исенов: «Мешіт –  елдің рухани байлығы. Онда жастарымыз діни іліммен қатар имандылық пен инабаттылықты, ізгілік пен игілікті бойларына сіңіреді. Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде кім Алланың разылығын қалап мешіт тұрғызса, Алла Тағала оған жәннатта сондай үй тұрғызады» деген» деп, демеушілік жасаған азаматқа зор денсаулық, отбасына амандық, кәсібіне береке тіледі.

Амантай Тойшыбайұлы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру