Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте тарауық намазы басталды

07.06.2016 3462 0 пікір

Айлардың сұлтаны болып саналатын қасиетті Рамазан айының адамзатқа рухани және әлеуметтік, медициналық жағынан пайдасы бар. Бұл айда күндіз ораза тұтқаннан кейін, кешкісін құптан намазынан соң 20 ракағат тарауық намазы оқылады. Тарауық сөзі «дем алу, демалыс» дегенді білдіреді. Оны барлық мұсылмандар топ-топ болып, жамағат болып,  біргелікте оқиды.

Дәлірек айтқанда, кеше қасиетті Рамазаның алғашқы күні Шымкент қаласы облыстық орталық мешітте ресми ашылу, құттықтау  салтанатты  шарасы болып өтті.

Оған облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек жиналған жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеттері жөнінде және тарауық намазының 20 ракғат оқу қажет екендігі туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің үндеуін және құттықтауын жеткізді.

Биылғы жылы облыстық орталық мешітте тарауық намазындағы хатым Құранды жас қариымыз Абдулазиз Бекайдарұлы өткізуде.

Алла тағала Рамазан айындағы барлық жақсылықтарды нәсіп етсін!

 

Мұхамеджан Естеміров,

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкіл имам орынбасары

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру