Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚОР АТЫНАН «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ КӨЛІКТІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

07.06.2016 3433 0 пікір

Бүгін, қасиетті Рамазан айының алғашқы күні, «Әзірет Сұлтан» мешітіне жасалған ерекше сыйлығымен есте қалатын болды. Осыдан бес жыл бұрын Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің салынуына орай құрылған «Жаңа мешіт салу жөніндегі жобалау компаниясы» корпоративтік қоры құлшылық ордасының ұжымына Тойото Хайс шағын автобусын тарту етті.

Қор директоры Еркін Рамазан арнайы «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп, Бас имам Серікбай қажы Оразбен кездесіп, салтанатты түрде көлік кілтін табыстады. Игі шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің хатшылар алқасының басшысы Жәрдем Құрманғазиев Исламғалиұлы да қатысып, өз құттықтауын жеткізді. Қасиетті Рамазан айына орай құлшылық ордасына құрмет танытып, қайырымдылық көрсеткен қор басшыларына Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өз алғысын білдіріп,  ризашылығын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру