«Нұр шашқан Рамазан айы!» атты әдеби-рухани шараны тамашалау үшін қалалық Естай атындағы мәдениет сарайына лық толған Павлодарлықтар алдымен танымал айтыскер ақын Абзал Қабдраштың құттықтауынан кейін облыстық «Шаңырақ» ХШО-ның «Нұр» би ансамблінің орындауындағы «Қазақ биі», эстрада әншісі Серік Рысбектің орындауындағы «Жаратушы Алла», белгілі ақын, композитор Жәкен Омаров, Асылбек Сапарбек, термеші Бауыржан Ахметов, әнші балапан Шыңғыс Асығатұлы және Сағым жылдар» әжелер ансамблі орындаған иләһи әндерімен сусындап, облыстық Ж.Аймауытов атындағы музыкалы драма театрының әртістерінің ойнаған «Адасқандар» спектаклінен үзінді тамашалады.
Рухани кеш барысында облыстық орталық «мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Н.Исенов жиналған жамағатқа қасиетті Рамазан айы туралы уағыз-насихаттар айта келе «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша облыс жастары арасына жариялаған «Дәстүрім – тірегім, дінім – діңгегім» атты облыстық білімпаздар жарысының қорытындысы бойынша жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттады. Мұнда, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Әміренов Фархат Қайратұлы бас жүлде шетелдік автокөліктің кілтін қалтасына салса, 1 –орын иеленген С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Саяхат Оразбек скутер-мотоцикілмен, 2-орын иеленген Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің тәрбиешісі Адалбек Мұратхан қымбат теледидармен, 3-орын иеленген Ақтоғай ауданы Қараоба ауылы орта мектебі мұғалімі Кетікова Жазира бағалы ноутбукті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Әміржанова Талшын да қымбат планшетті қанжығасына байлады. Ал жүлделі орындарға лайықты деп танылған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Мүфтан Бұғыбайдулла, Дәулетхан Жанаргүл, Павлодар қаласы, ішкі істер департаменті қызметкері Көлжан Жиенгүл, Ақтоғай ауданы газетінің тілшісі Өзгеріс Қуанар, Павлодар облысы білім беру басқармасының қызметкері Исламова Ұлпандар ҚМДБ-ның өкіл имамы Н.Исеновтың «Марапат хатымен» қоса әрқайсысы ұялы смартфон телефондарға ие болды.
Кеш аталар берген алқалы батас, әжелердің шашқан берекелі шашуымен аяқталды.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2016
3589
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру