Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халифа Алтай» мешіті 200 отбасыға азық-түлік көмегін таратты

06.06.2016 3607 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет биылғы қасиетті Рамазанға байланысты үндеуінде мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау, сауапты шараларды молынан ұйымдастырудың маңызы аса зор екендігін атап көрсеткен болатын.

Осы үндеуге үн қосу мақсатында қасиетті Рамзан айына орайластырып Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті тұрмысы төмен әртүрлі ұлттың 200 отбасына аса қажетті азық-түліктерден құралған көмекті таратты.

«Рамазан Құран айы. Қасиетті рамазанда мұқтаж жандарды қолдап, олардың қуанышын көру де асасауапты іс,Рамазан айына жоспарлаған бірқатар шаралардың басты легінде осы қайырымдылықты ұйымдастырып отырмыз. Бұл шараға тұрмысы төмен отбасылар қамтылды.» дей келе жиналғандарды Рамазан айымен құттықтап, берекет жақсылық тіледі.

Мешіттен азық-түлік көмегін алған отбасылар шараны ұйымдастырған мешіт ұжымынаақжарма алғыстарын білдіріп тарқасты.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру