Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы «Шығыс Қазақстан облыстық баспасөз орталығында» баспасөз мәслихатын өткізді.
Өкіл имам алдымен жиналған журналистер қауымын он екі айдың сұлтаны Рамазан айының келуімен құттықтады.
Бұдан соң ол ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Рамазан айына байланысты Үндеуін оқып берді.
Сонымен қатар биылғы оразаның ерекшелігіне тоқтала келіп, Рамазан айында Өскемен аймағы өкілдігінен атқарылатын шаралар туралы әңгімеледі. Журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Рамазан айы-бұл Құран айы. Бұл айда барлығымыз сауапты амалдарды көбірек жасауымыз керек. Рамазан айының басты ерекшелігі осында» деп атап өтті өкіл имам.
Сөз соңында ол күллі мұсылмандарды берекелі Рамазан айымен құттықтап, елімізге бейбітшілік, халқымызға татулық, берекет тіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2016
2861
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру