Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Баспасөз клубындағы мәжіліс

06.06.2016 3536 0 пікір

Бүгін «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының баспасөз клубында облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет алдағы  Рамазан айына байланысты баспасөз мәжілісін өткізді.

Бұл басқосуға Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов облыстық мешіттің наиб имамы Азамат Мурзакановтар қатысты.

Онда жиналған журналистер алдында облыстың Бас имамы Рамазан айының ерекшеліктері, талаптары және жасалатын жеңілдіктері жөнінде жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі жөнінде де жиналғандарды хабардар етті.

Сонымен бірге әр мұсылманның ораза кезінде жан басына тапсыратын пітір-садақа республика көлемінде 200 теңге болып бекітілгенің айтып өтті.

Наиб имам Азамат Серікбайұлы да ресми тілде Рамазан айының мән-маңызы жөнінде әңгімеледі.

Осы кездесуде Тәжімбет Бахытбек кәсіпкерлер мен бизнесмендерге ораза кезінде негізгі азық-түліктің бағасын түсіруді және алькогол өнімдерін сатпауды ұсынды. 2016 жылдың басынан бері облыс көлеміндегі мешітер 700-ден аса жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетіген. Сонымен қатар облыстағы 36 мешіттерде ауыз ашарлар берілетін болатынын айтып өтті. Қасиетті Рамазан айы 4 шілдеде аяқталады да ертесінен айт намазы оқылады.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру