Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

06.06.2016 3264 0 пікір

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітіне қарасты сауат ашу курсының әйел жамағаты 1 маусым балаларды қорғау күніне орай қайрымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Әрбір кісі қолдан пісірген тағамдарын жәрмеңкеге әкелді. Түскен қаражат мұқтаж жандарға берілді. Сонымен қатар балаларға тегін балмұздақ таратылып, нысанаға ату, қол күрес, арқан тарту секілді т.б. ойындар ойнатылды. «Үміт» жетім балалар үйінің жас жеткіншектері арасында 10-нан астам ойын түрі ұйымдастырылып, әйел жамағатыныңатынан тегін сыйлықтар үлестірілді. Қаракөз қазақ балаларының жүздеріне күлкі ұялап, мерейлері көтерілді. Қайырымдылық шара «Lavaza» дәмханасында таратылғантәтті тағамдармен жалғасты.Балалар үйінің басшылары мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп,  алғыстарын айтты.

«Ахмет Ишан Оразайұлы» мешіті

Жезқазған қаласы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру