Қасиетті Рамазан айын әрбір мұсылман асыға күтері сөзсіз. Осы қасиетті ай келгенде жер-жерлерде рухани, сазды кештер ұйымдастырылып, көпшілікке Рамазан айының қасиетін жеткізіп жатады.
Жылдағы дәстүр бойынша биыл да ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі облысқа қарасты Шиелі ауданында «Қош келдің, Рамазан» атты облыстық рухани кеш өткізді.
Салтанат сарайында өткен кешке аудан тұрғындары, жастар, мемлекеттік сала қызметкерлері, имам-молдалар қатысты.
Шарада ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы көпшілікті қасиетті айдың келуімен құттықтады.
Рухани кеште діни өлеңдер орындалып, халыққа ой салар қойылымдар көрсетіліп, насихаттар айтылды.
Өз кезегінде жергілікті әкімшілік тарапынан алғыс білдіріліп, қатысушылар үлкен ризашылықпен тарқасты.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2016
3473
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру