Барша үмметті сағындырып жеткен Рамазан айы даламызға енді. Осыған орай, Ислам дінінде ай бойы 20 ракағаттан тұратын тарауық намазы оқылады. Сүйікті пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Хақ Тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауық намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауық намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», – деген.
Еліміздің мешіттерінде бүгінгі Құптан намазынан кейін, аталмыш намаз оқылуда. Жамбыл облысының мешіттерінде сонымен қатар орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде тарауық намазы басталды. Аталмыш намаздың бастаудан бұрын Бас имам Данияр қажы Жұмабаев жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті, тарауық намазының дініміздегі орыны жайылы сүбелі сөз сөйлеп, жиналған жұртшылыққа Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты құттықтауын жеткізді.
Алатмыш іс-шараға, мешіт имамдары, мешіт ақсақалдары мен Тараздық тұрғындар қатысуда. Мешіт залына сыймаған халық мешіт ауласындағы таскілемдер мен көк майсаларда құлшылықтарын жалғастырып, қасиетті айдың алғашқы күнінен тақуалыққа бой үйрете бастағандай.
Бүгін тарауық намазын Республикалық Құран жарысының жүлдегері Дулат Қолақұлов жүргізді. 15 жасар қари намазда Құран хатым түсіруде.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Ораза маусымның 6-сы мен шілденің 4-і аралығын қамтып, 29 тәулікке созылады. Айт мейрамы 5 шілдеде басталады. Ал Қадір түні шілденің 1-нен 2-сіне қараған түнге сәйкес келді.
Қасиетті Құран Кәрімде «Кімде-кім ауыз бекітіп, құлшылық етсе, сансыз сауапқа кенеледі. Сондай-ақ, ораза ұстаған жамағатқа арнайы дастархан жайып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын бергендер де Алланың риясыз ризалығына ие болады» делінген. Айта кетейік, еліміз бойынша пітір садақа мөлшері әр адам басына 200 теңге болып белгіленді. Ал тарауық намазында мешіттерде Құран хатым етіледі.
Барша мұсылман жамағатына мүбәрак Рамазан құтты болсын!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2016
3459
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру