Қасиетті рамазан айынын карсаңында КМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султановтын бастамасымен Орал қалалық мешітінің қабырғасына ұзақ жылдар бойы имамдық қызметін атқарған Тажиден Батырұлының естелік тақтасы орнатылды. Ашылу салтанатына облыс, қала имамдары мен орталык мешітінің "Ақсакалдар" алқасының мүшелері, Орал қалалық ардагер кеңесінің төрағасы, Тажиден Батырұлының ұрпактары мен арнайы қонақтары қатысты. Салтанатты шарада өкіл имам Руслан Султанов сөз алып, Орал мешітінің бас имамы кезінде ел-жұрт арасында биік абырой мен жоғарғы беделге ие болган. Бұл кезде Тажиден Батырұлының күш-жігері мен бас қызметі исламнын рухани кұндылыктарын сактауға, оны кайта жақсартуға жұмсады. Осындай еңбегін бағалай отырып ҚМДБ-ның 2016 жылғы 11 қантардағы шешімі бойынша Орал мешітін Тәжиден Батырұлынын есімін иеленді, деп қуанышты хабарды жеткізді. Одан кейін Орал қалалык ардагер кеңесінің төрағасы "Тәжиден Батырұлы атейстік қөзқарас алға ұстанған кеңестік кезеңін өзінде исламның ең таза дін екеніне көпшіліктін көзіне жеткізе білді. Дәл осы кезенде СОКП Орталык Комитетінің" Келушілер аз болуына байланысты мешіттерді жабу туралы" айгілі қаулысы жариялаған еді. Сол сәтте де ол діни нанымдағы өз ниеттестерімен бірге табандылық таныта білді. Сөйтіп Тажиден Батырұлы өз ұстанымын дәлелдеп Орал мешітін жабылу қаупінен сақтап қалды " деп еске алды. Тажиден Батырұлын ұрпактары ардакты әкенің тағлымын көпшілік айтып, қамқорлыгын, білім алуға күш қайрат жұмсатуға үйретті деп әкеге сағыныштарын жеткізді. Шара соңында имам Тажиден Батырұлын ескерткіш тақтасы өз қызмет еткен мешітке орнатылды.
КМДБ нын БКО бойынша баспасөз кызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2016
3992
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру