Қасиетті Рамазан айының қарсаңында күндердің сұлтаны жұма күні ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев бір қатар қайырымдылық шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі мүгедек бүлдіршіндерге дастархан жайып, Рамазан айымен құттықтады. Дастархан барысында кішкентай сәбилерге арнап мультфильм кейіпкерлері бейнесіндегі аюлар көрсетілім көрсетіп, балалардың көңілін шаттыққа толтырған соң, өкіл имам С. Ахмадиев балаларға ойыншықтар және силықтар таратты.
«Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы екі лимузин қызмет жасап, қаланы қыдыртқан соң, «Б. Римова» атындағы драма театрында аталмыш балалар үйінің бүлдіршіндеріне және көп балалы жанұяларына «Алдар көсе» атты көрсетілімі қойылып, балалардың көңілін көтерді. Қойылым соңында өкіл имам сәбилерге балмұздақ және тәттілер таратып, көңілдерін аулады.
Қасиетті жұма күні өңір өкілі С. Ахмадиев телеарналар журналистеріне сұхбат беріп, қасиетке тола Рамазан және оразаның қадір-қасиеттері туралы айтып, ҚМДБ-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының Рамазанға байланысты үндеуін жеткізіп, көпшілікі мүбәрік Рамазан айының кіріп келуімен құттықтады.
Сондай-ақ, жұма күні өкіл имам Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінде биылғы жылы мектеп бітіруші түлектер және жастармен кездесті. Кездесуде C. Ахмадиев білімнің маңыздылығы, өмірдің әр кезеңдегі сынақтары туралы тыңдарманның құлағына құяр әсерлі уағыз айтты. Исламның құндылықтары, Құранның қасиеттері және Құранға қатысты ғылыми жаңалықтар мен нақты дәйектемелерді келтірді. Жиын соңында, ҚМДБ-ның өкіл имамы мектеп бітіруші жас түлектерге сәт сапар тілеп, батасын берді.
Үрдіске айналған қасиетті жұмадағы жәрмеңкеде мешіттің шәкірттері, қыз балалар өз үйлерінен арнайы пісіріп әкелген халал өнімдерін саудаға салып, түскен қаражатты мешіт тарапынан ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларына өткізді. Әр жәрмеңкеден түскен қаражат бірнеше отбасының мұң-мұқтажына өтеуге себепкер болса, бұл жолғы қаражат та мүмкіндігі шектеулі болған жандарға таратылды.
Талдықорған өңірі бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2016
3278
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру