Сауапқа толы қасиетті Рамазан айын асыға күткен қазақ елі бүгін кеш батысымен құлшылық ордаларына қарай ағылып, алғашқы тарауық намазын оқып қайтты. Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгінгі тарауық намазына 6000-нан астам жамағат жиналды.
Үлкен залдың тең жарымын толтырған жамағатпен бірге оқылған құптан намазынан соң ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, сөз сөйледі. Ораза нығметтері жайлы айта келіп, сансыз сауапқа толы айды құр жіберіп алмай, жамағатты уақытты тиімді пайдаланып, игілікті істер жұмсауға шақырды.
Бұдан соң ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы ортаға шығып, Құран Кәрімді хатым ететін қариларды жамағатқа таныстырды. Биылғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатына тарауық намаздарында осы мешіттің азаншысы Ерлан Базарбайұлы мен Шымкент қаласындағы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің наиб имамы Шавхат Исмаилов имамдық ететін болады.
Ескерте кетейік, Рамазан айында «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана», «С.Ғылмани» мешіттерінде тарауық намаздарынан соң, адамдарды тасымалдайтын арнайы автобус жүреді.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2016
3665
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру