Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айы жайында баспасөз мәслихаты өтті

03.06.2016 3473 0 пікір

Рамазан айы жақындауына орай Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Смайыл Сейтбеков аймақ журналистеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Облыстағы БАҚ өкілдері жиналған жиында өкіл имам Рамазан айы туралы кеңінен түсінік беріп, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Үндеуін таныстырды. Сондай-ақ, жылдағы қалыптасқан үрдіс бойынша облыстық және қалалық  мешітте 30  бойы күнде  ауызашар дастарханы ұйымдастырылатыны хабарланды.

Отырыс соңында өңірдегі ақпарат құралдары өкілдеріне  ораза туралы кітап пен биылғы Рамазан айының кестесі таратылды.

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру