Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Таврия мекеніндегі «Хоспис» мекемесін облыстық «Халифа Алтай» мешіті қамқорлығына алған еді.
Жыл басында мекеме басшылығы мен ондағы панасыз қариялар осы мекемеге арнайы барған Өскемен аймағының өкіл имамына осы қарттар үйінің ескірген жылу жүйелері туралы өтініш білдірген болатын.
Өкіл имам бұл тығырықтан шығудың жолдарын қарастырып, «Өр Алтай» қоғамдық қорына ұсыныс жіберген еді.
Қасиетті Рамазан айының алдына қариялардың көптен күткен арман-тілегі орындалып, осы мекемеге күн сәулесімен жылытатын қондырғы орнатылды. Іс-шараға Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы қатысты.
«Хоспис» мекемесінің басшылығы: «Облыстық мешіт әр кез мекемеге қарайласып, қол ұшын беріп тұрады. Бүгін міне, өте бір сауапты іске бастамашы болып отыр. Мешіт ұжымына және «Өр Алтай» қоғамдық қорына осындағы қариялар да шексіз риза» деп шынайы алғысын білдірді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.06.2016
3390
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру