Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имандылық үйі кеңейді

03.06.2016 3422 0 пікір

Атамекен ауылындағы "Ар Рахман" мешітінің кеңейтілуіне орай бейсенбі күні пайдалануға берілген қосымша ғимараттың ашылуы өтті.  Мұнайлы аудандық мешіті боп саналатын "Ар Рахман" мешіті бұрын 500 адамдық болатын, ал  мешітті жалғап әкеткен қосымша ғимарат мың орынды боп салынған. Енді имандылық үйінде бір уақытта мың жарым адам намаз оқып, сапқа тұра алады. Жаңадан бой көтерген нысанның салтанатты түрде ашылуына облыс имамы С.Сейтбеков, Атамакен ауылы әкімі М. Қалжанов және ауыл тұрғындары мен мешіт ақсақалдары қатысты.

Алдымен қасиетті Құран оқылды. Өкіл имам С.Сейтбеков мешіттің қайырлы да құтты болуына дұға жасап, сонан соң тұрғындар алдына шығып, жаңа мешіттің ел игілігіне берілуімен құттықтады. Облыс имамы мешіт салудың сауапты іс екендігі жайында айтып, мешіт құрылысына ат салысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді. Облыс депутаты Т.Әміров те өзінің құттықтау тілегін жеткізіп, мешіттердің көбеюі - ұрпақ тәрбиесіне көп пайда тигізетінін, қоғамдағы ізгілік пен жақсылықтың өркен жаюына үлес қосатындығын сөз етті.

Жаңа ғимараттың лентасын мешіттің ең қарт Мейірбек атты ақсақалы  қиып, ел азаматтары жаңа мешіт ішін аралады, сонан соң өкіл имамның имамдық етуімен екі ракағат шүкір намазын оқыды.

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру