Мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы маусым айының 6 жұлдызында басталып, шілде айының 4-жұлдызында аяқталады.
Осы және басқа да Рамазан айына байланысты ақпараттар мен мәліметтермен тұрғындарды хабардар ету мақсатында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы баспасөз маслихатын өткізді.
«Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен баспасөз маслихатына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Талғат Омаров өз сөзінде: «Бүгінде мешіт Қасиетті Рамазан айына толықтай дайын. Үлкен залдарға желдеткіштер қойылып, мешітке 18 диспенсер қойылды. Халық үшін тегін таратылуға ораза кестесі шығарылып, 1000 қорап құрма да әкелінді. Сондай-ақ, сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ал Тарауих намазы маусым айының бесінші жұлдызынан бастап, құптан намазынан кейін оқылады, үтір намазы ең соңынан жамағатпен оқылады. Пітір садақа құны – 200 теңге»- деді.
Сонымен қатар, Қасиетті айдың құрметі үшін 30 күн оразада 30 түрлі жақсылық жасауды жоспарлап, базарларда, сауда орталықтарында тауардың бағасын 10-30 пайызға дейін төмендету турасында насихат жұмыстары жүргізіледі. 30 күнде мешіттерде мүмкіндігінше ауызашар ұйымдастырып, 30 үйді аралап, қайырымдылық жасауды қолға алынып отыр.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.06.2016
3203
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру