Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде Рамазан айына арналған баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО)

02.06.2016 3509 0 пікір

Адамдар үшiн тура жолды түсiндiрiп, ақ пен қараны, сауап пен күнәні, ақиқат пен жалғанды, жақсы мен жаманды айырушы, Құран түсiрiлген қасиеттi Рамазан айы да келіп жетті. Осыған орай, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысындағы өкілдігі арнайы жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

ҚМДБ бекіткен қасиетті Рамазан айының басталу мен аяқталуы, қадір түні мен ораза айт мерекесінің уақыттарын жариялап, пітір садақа мөлшері – ҚМДБ-ның төралқа жиналысында Қазақстан бойынша 200 теңге болып бекітілгендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы бойынша мерекелік айт намазы таңғы 06:30-да оқылатындығын жеткізді.

Өкіл имам Төлеби Оспан ақтөбелік жамағатты айтулы айдың кіруімен құттықтай келе Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына қатысты халыққа жарылқаушы айда жақсылық жасауға шақырған үндеуімен және ораза айында облыста атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Үндеу мәтінінде Рамазан айының құрметіне жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, мәселен, су тасқынынан үйсіз, шарасыз қалған отандастарымызға қайырымдылық жасауға, табиғи апат салдарынан бұзылған үйлерді жөндеуге қол ұшын беруге, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге, азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдік жасалып, құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе, сонымен қатар, көпшілік жұртқа оразаның әр күнінде бір жақсылық жасауды жоспарлап, осынау сауапты амалдарды ықыласпен орындауға шақырған. Осыған орай өкіл имам Т.Оспан Ақтөбе жұртшылығын аталмыш үндеуге үн қосуға шақырды.

«Нұр-Ғасыр» облыстық орталық мешіті қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде атап өту мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Нақтырақ айтқанда, қала мешіттерінде қазақи дәстүр бойынша киіз үйлер тігіліп, ауызашар дастархандары жайылады. Рамазан айына тән тарауих намазында Құран хатым түсіріліп, ораза айы рухани үгіт-насихат жұмыстарының алаңына айналмақ. «Жақсылықта жарысайық!» атты қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету жоспарлып жатқандығы баспасөз мәслихатында сөз етілді.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

 мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG_8116

IMG_8114

IMG_8102 IMG_8108

IMG_8101

IMG_8088


 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру