Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақпараттық түсіндіру тобы құрылды

02.06.2016 3769 0 пікір

Қостанай облысы әкімдігінің Дін істер басқармасында тәрбиелік тағылымы ерекше жүздесу болып өтті. Оған Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет бастаған қалалар мен аудандардың бас имамдары мен басқарманың мамандары қатысты.

Бұл жиының мақсаты облыстағы  ақпараттық түсіндіру тобын құру және алдағы жасалатын жұмыстарды жоспарлау болатын.

Сонымен бірге, теріс ағымдағы көзқарастағы тұлғаларды дәстүрлі ислам дініне бет бұрғызуға бағытталған оңалту жұмыстары туралы жан-жақты айтылды. Алда тұрған нақты міндеттер айқындалды.

Жүздесу барлық қатысушыларға үлкен ой салды. Өңірде дінімізді насихаттау мен басқа да маңызды мәселелер талқыланды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру