Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Науқас бүлдіршіндер назардан тыс қалмады

02.06.2016 3160 0 пікір

Қаланың Бас имамы Нұрбек Есмағанбеттің бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі бөлімінің Алматы қаласындағы өкілдігі қалалық онкологиялық және радиологиялық ауруханадағы бүлдіршіндерге мерекелік іс-шара өткізді. Оған қаланың белсенді жастары ат салысты. Сондай-ақ, цирк өнерпаздары және күйші өнерпаздар келіп балалардың көңілін көтерді.

Жастар ісінің өкілі Есім Ержан қаланың  Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің «Алла сүйген құлдарын әрдайым сынаққа алады. Біз әр бес уақыт намаздан кейін сіздер үшін Алладан дұға тілейміз» деген ыстық лебізді сәлемдемесін жеткізді. Балалар би билеп, сұрақ-жауап ойынын ойнап, жастардың қолынан тәтті сыйлықтар алып, мәз-мейрам болысты.

Мекеме басшылығы өз кезегінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастаған мешіт қызметкерлері әрдайым осындай қайырымдылық шараларын өткізіп келіп тұратындығын айтып, өздерінің ризашылығы мен алғыстарын білдірді.

 

Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру