Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл ауданында жаңа мешіт ашылды

02.06.2016 5796 0 пікір

Жуырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты болып өтті. Мешіт Алланың қалауымен жеке кәсіпкер Нұржан Махмұтұлының тікелей демеушілігімен салынды. Жаңадан бой көтерген мешіттің сыйымдылығы 150 адамға арналған. Алла үйінің ашылуына Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малжғажыұлының көмекшісі Нұрбол Шайқыұлы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Мәдіғұлов салтанатты түрде ашса, ал Жамбыл ауданының бас имамы Әли Мұратұлы Құран бағыштап,  аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қырғызбек Атагелдиев ақ батасын берді.

Сондай-ақ, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Ұзынағаш ауылдық мешітінің» бас имамы болып дінтану ғылымдарының магистрі Нұрдәулет Тоқанұлы Төрежанов тағайындалды. Жаңадан тағайындалған бас имам бұл салада қызмет етіп жүргеніне сегіз жылдай уақыт болған. 1999-2000 жылдары Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында орналасқан Халықаралық қазақ-араб университетінің бір жылдық дайындық курсын бітіріп, 2000-2004 жылдар аралығында ОҚО Шымкент қаласында орналасқан Халықаралық қазақ-араб университетінің араб тілі және дінтану мамандығы бойынша оқып бітірді. 2004-2006 ж.ж Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінде дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

2007-2011ж.ж аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы «Шет тілдер оқу орталығы» мекемесінде араб тілі және дінтану мамандығы бойынша ұстаз, тәрбие ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2008 жылы Түркия мемлекетінің Ыстанбул қаласында өткен дүниежүзілік мұсылман  мемлекеттерінің « Ислам жастары » семинарына қатысты.

2010 жылы Ислам дінінің бес парызының бірі болған қажылық міндетін орындады.

2013 жылы  БАӘ «Мунтадал әл- Ислам»  институтында білімін  жетілдірді.

2012-2015 жылдар арасында Алматы облысы, Жамбыл аудандық орталық мешітінде найб имам қызметін атқарды.

Биылғы жылдан бастап Алматы облысы, Жамбыл ауданы,Ұзынағаш ауылдық мешітінде бас имам қызметіне кірісті. Үйленген, 3 баласы бар.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру