Маусым айының 1-ші күні Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Р.Султановтың өзі Орал қаласындағы «Шапағат» балалардың күндіз болуына арналған медициналық әлеуметтік мекемесіне арнайы барып игі шараға қатысты. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан қайырымдылық ретінде денсаулықтарында кінәраты бар 60 балғынға тәтті тағамдар мен сыйлықтар таратты.
Бас имам өз сөзінде: "Елбасының Балалар құқығын қорғау 2050 статегиялық бағдарламасында көрсеткендей балалар — біздің болашығымыз! Олай болса әр күнімізді балғын-бүлдіршіндерімізге жақсы тәрбие беріп, ізгілік пен мейірімділік танытып Ертеңгі елімізге адал қызмет атқаруына үлес қостыру", — десе, «Шапағат» балалардың күндіз болуына арналған медициналық әлеуметтік мекемесінің директоры Насип Менахақызы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ұжымына шын жүректен алғысын білдірді. Мұндай қайырымдылық игі шаралар жыл бойы жалғасын таба береді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.06.2016
3259
0 пікір






+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру