
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жазғы сауат ашу курсына қабылданған балдырғандарға арналып «Қош келдің, балақай!» атты мерекелік шара болып өтті. Жиырма күнге созылатын жазғы сауат ашу курсына қабылданған балақайлар үшін бүгінгі шара «1-маусым «Балалар күніне» орай жасалған сыйлық болды.
Қасиетті Құран аяттарымен ашылған салтанатты шараға ҚМДБ-ның бөлім меңгерушісі Алтыньек Ұтысханұлы келіп, балдырғандарға ізгі тілегін арнады. Оқушылардың жазғы демалыстарын тиімді өткізулеріне таптырмайтын бұндай курстардың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын тілге тиек еткен Алтынбек Ұтысханұлы ата-аналар қауымына да алғысын білдірді. Ұрпағын бала жастан имандылыққа шақырып, әдепті тәрбиелеуге ұмтылған ата-аналардың көбеюі қуантарлық жайт дейді ол.
Биылғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешітінде де бала шәкірттердің саны былтырғымен салыстырғанда артық шықты. Маусым айының 20-дейін енді «Әзірет Сұлтан» мешітінде 133 ер бала мен 83 қыз бала діни сауат ашып, арабша хат танып шығады. Сондай-ақ, күнделікті өмірімізге қажетті дұғалар да үйреніп шығады. Бұл үшін арнайы «Хикмет» телерадиостудиясы әзірлеген «Құран әліппесі» мен «Имандылық әліппесі» атты кітапшалар бүгінгі шара барысында балақайларға үлестіріп берілді. Сондай-ақ, балдырғандардың үйдегі әзірліктеріне көмектесетін аталмыш кітаптардың дискілері де қоса сыйланды.



























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.06.2016
4375
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру