
Жадыраған жаздың алғашқы күні балалардың төл мерекесіне орай, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен Ақтөбе қалалық мешітінде «Имани жаз – 2016» атты мектеп жасындағы балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының маусымашар шарасы өтті.
Мерекелік шарада Өкіл имам Төлеби Оспан құттықтау сөз сөйлеп, ата-аналарға балаларын жазда имандылық нәрімен сусындатып, жазғы демалыстарын тиімді пайдалануға шақырды.
Еліміздің жас бүлдіршіндері еркін елдің тең құқылы азаматы болып өсуі үшін барлық жағдай жасалуда. Келешекке сенімді де батыл, білімді Қазақстанның азаматы болып қалыптасуына әр жасөспірімнің діни білім алуы өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, біздің мешітіміздің осы тұрғыда балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының қосар үлесі зор.
Шара ертегі кейіпкерлерінің жүргізуімен, бүлдіршіндердің діни, имани тақырыбыптардағы тақпақтар, білімпаздар сайысы және спорттық ойындармен жалғасын тапты. Балаларға сыйлық ретінде сусындар, шарлар, балмұздақтар т.б түрлі ойыншықтар үлестірілді. Театрлық қойылым ретінде «Бауырсақ» қойылды. Ұлттық спорттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға шағын сыйлықтар берілді. Осылайша балалардың жүздері нұрға толып, өз білімдерін шыңдап, кейіпкерлермен бірге ертегі әлеміне саяхаттады. Сайыс жеңімпаздарына сыйлықтар үлестіріліп, шара соңында ата-аналар мен балаларға дастархан жайылып, сусындар мен тәттілер таратылды.
Аталмыш жазғы діни сауат ашу курстары Ақтөбе облысындағы барлық қала, аудан мешіттерінде жүргізілу қолға алынды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.06.2016
3224
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру