Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайықта баспасөз мәслихаты өтті

02.06.2016 3654 0 пікір

DSC_0128

Қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «НұрОтан» партиясының ғимаратында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция болып өтті.

Алдымен БҚО бойынша өкілі, Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа Үндеуін жеткізіп, исі мұсылман жамағатын сағындырған «Қасиетті Рамазан» ай турасында кеңінен мағлұмат беріп, «Ораза ұстаудың артықшылығы» жайында тоқталып, екі дүниенің сардары, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммадтің () сүйіншілеген істерімен сауапқа кенеліп, екі дүниенің рахатына бөленуді нәсіп етсін деп, тілегін жеткізді.

Пресс-конференцияда қасиетті Рамазан айына дайындық шаралары, Ақжайық өңірінің тұрғындарын оразаның шарттарымен ақпараттандыру, Қасиетті айда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, аталмыш ай турасында бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау секілді біршама мәселелер қаралды.

Жиын соңында БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына өкіл имам жауап берді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

DSC_0133 DSC_0131 DSC_0155

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру