«Дін және тарих тағылымы» жылы аясында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Діни басқарманың бастамасымен жарық көрген «Ислам жауһарлары» жинағының таныстырылымы болып өтті.
Іс-шараға облыс орталығындағы БАҚ өкілдері, журналистер шақырылды.
Жиын басында «Ислам жауһарлары» жинағын таныстырып сөз сөйлеген Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы : «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында өңірде тарихымызды тануға арналған, бірқатар шаралар ұйымдастырылып жатқаны өздеріңізге мәлім. Бүгінгі іс шара да соның бір бөлігі. Діни басқарманың құрастыруымен жарық көрген бұл жинақ қазақ руханиятының қазынасына қосылған құнды дүние ретінде бағалануда. Кітапта исламның қайнар бастауларынан сусындататын ғұламаларымыздың ғибратты мұралары топтастырылған» дей келе, аталған жинақтың ұлт тарихын тану, орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларды зерделеуде маңызды екендігін атап өтті.
Таныстырылымда сөз алған өңір журналистері ғасырлар қойнауынан жеткен жауһар мұралардың жинақталып, халықтың игілігіне ұсынылып отырғандығы тың бастама екендігін баса айтып, жоғары бағалады.
Шара соңынан журналистерге «Ислам жауһарлары» жинағы таратылды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.06.2016
3447
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру