
Ақтөбеліктер 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендерге құран бағыштады. Шараға облыс әкімі Б.Сапарбаев пен қала басшылары, қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер, еңбек ұжымдары мен қоғамдық және саяси бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Еске алу шарасында Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы өткенге тағзым ету өскелең ұрпақ үшін мәні зор дүние екендігін айта келе жастардың талаптанып еңбек етуі, үлкенге құрмет көрсетуі, бейбітшілікті бағалай білудің маңыздылығын тілге тиек етті.
Өз кезегінде ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің Бас имамы Төлеби Оспан саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухтарына құран бағыштады. Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың атынан «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына дұға бағышталып, арнайы ас берілді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.06.2016
3469
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру