Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРАҒАНДЫ ХАЛҚЫНА РАМАЗАН ЖАЙЫНДА АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

01.06.2016 3165 0 пікір

Қарағанды облыстық орталық мешітінде қасиетті Рамазанға байланысты жыл сайын өткізілетін кезекті баспасөз-конференциясы өтті.

Мешіт имамдары қасиетті ай туралы толыққанды ақпарат берді. Биыл Рамазан айы  6 - маусымнан басталып, 4-ші шілдеге дейін жалғасады. Қадыр түні шілде айынынң 1-нен 2-не қараған түні. Айт мерекесі 5-ші шілдеден басталады. Оразаның мән-мағынасын имамдар ашып айтты. Ауыз бекіту тек астан ғана бас тарту емес, рухани тазару айы екенін хадис шәріптермен түсіндірді.

Имамдардың айтуынша, мешіт есігі жамағатқа әрдайым ашық, ауыз бекіткен жамағатқа мешіттен ас беріліп, әр түрлі іс-шаралар өтетін болады. Сондай-ақ, барлық қала-аудан имамдарының қатысуымен бас мүфтидің тапсырмалары талқыланып, тапсырмалар жүктелді.

Қарағанды облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру