Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті Рамазан айына байланысты мәслихат өткізілді

01.06.2016 3575 0 пікір

ҚМДБ Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Семей қаласындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, күллі мұсылман қауымы айрықша құрмет тұтатын айлардың сұлтаны, шапағаты зор Рамазан айымен құттықтады.

Ораза ұстау ислам дініміздегі бес парыздың бірі. Қасиетті рамазан айында мұсылман адам рухани жан дүниесін тазартып, тәубаға келетін ай. Ораза ұстау да адамның атойлаған нәпсісін тежейтін, Жаратушы мен адам баласының арасындағы сыр. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті рамазан айына байланысты ел мұсылмандарына үндеуімен, құттықтауы оқылып таныстырылды. Қасиетті Рамазан істеген амалдарымызға еселеніп сауаптар жазылатын берекелі ай. Бұл айда мейлінше қайырымдылық шаралары көбірек ұйымдастырылатынына өкіл имам ерекше тоқталды.

Ораза ұстаған зиялы қауым өкілдеріне, қарттарға, БАҚ өкілдеріне мешіт жамағатына ауыз ашар ұйымдастырылады. Биылғы ҚМДБ-ның төралқа мәжілісінде пітір садақасының құны 200 теңге болып белгіленгенін, ораза ұстаудың тәртібі туралы кестесінің үлгісімен таныстырды. Жиылған БАҚ өкілдерін қасиетті Рамазан тәрбие ай екенін ескертіп, ораза ұстауға шақырды. Жиын соңында БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына өкіл имам жауап берді.

Рахым айы – Рамазан баршаңызға сауапты болсын!

 

Семей Қос мұнаралы орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру