Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРАҒАНДЫ МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

01.06.2016 3140 0 пікір

Қарағанды облыстық орталық мешітінде мұсылман қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат - көп балалы отбасылар мен жетім-жесірлерге көмектесу. Мұқтаж жандарға қол ұшын беруге бей-жай қарамайтын жандар қолжетімді бағада сауда-саттығын жасап, өзінің керегін алып қана қоймай, өзгеге де қайырым жасады.

Тіккен киімдерін, зергерлік бұйымдарын, тәтті-дәмдер мен азық-түліктің түр-түрі қойылды. Моңғолиядан әкелінген заттар да сөрелерден орын алды. Мешіт ауласына құрылған киіз үй мен ұлттық тағамдар да жәрмеңкенің сәнін кіргізді. Сондай-ақ қазақша күрес ұйымдастырылып, жеңімпаздар жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

Осынау игі шараны Қарағанды облыстық орталық мешіті, зекет қоры, мешіт жанындағы жастар ісі бөлімі бірлесіп өткізіп отыр. Биыл бірінші рет өткізілген жәрмеңке бірінші маусым - балалар мерекесіне арналған. Бұдан түскен қаражат ораза қарсаңында жоқ-жітікке таратылмақ. Ұйымдастырушылар да, жиылған жұртшылықта игі шараның жалғасын табатынына үмітті.

 

Қарағанды облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру