Брифинг үстіміздегі жылдың 30 күні сағат 10.00-де облыстық «Ертіс пресс клубында» жүргізілді. Брифингке Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Исенов Нариман Ермекұлы, облыстық Діни істер басқармасының бастығы Закарьянов Дәулет Қоқанұлы, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Аманқұлов Хасан Ташайұлы қатысып облысымыздағы мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының келуіне орай құттықтап, биылғы Рамазан айының ерекшеліктері, ораза ұстау кестесі, ҚМДБ-дан беітілген пітір-садақа мөлшері, Рамазан айының құрметіне орай облыс мешіттіерінен атқарып жатқан іс-шаралар, Рамазан айы қарсаңында жүргізілетін рухани іс-шаралар туралы айтып, журналистер сұрақтарына жауап берді.
Өкіл имам Нариман Ермекұлы Рамазан айында ораза ұстау парыз етілгені туралы айта келе: «Сөз соңында айтарым, оразаның жылдан-жылға он күнге кейін шегерілуіне байланысты биыл маусым-шілде айларының ыстық аптап күндеріне тұспа-тұс келмек. Бұл өз кезегінде мұсылман жамағатының төзімділігі мен сабырлылығына сынақ іспетті»,-деді.
Өз кезегінде «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Хасан Ташайұлы биылғы Рамазан айында ҚМДБ (Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы) бекітілген ораза ұстау кестесінде болған өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіріп, биыл пітір-садақа жан басына шаққанда 200 теңге көлемінде бекітілгенін айтты. Сонымен қатар Рамазан айының қарсаңында мешіттердегі діни сауат ашу курстарында оқитын балалар мен жастар арасына Құран әліппесі «Мұғалім Сәни» кітабы бойынша арнаулы жарыстар жүргізілетіні, қасиетті Қадір түнін де арнайы рухани шаралармен қарсы алатыны туралы айтып өтті.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.05.2016
3267
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру