
30 мамыр күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Менің хикметтерімнің бар мағынасы – Құран» тақырыбында 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында құран оқудан байқау өтті. Бұл атаулы іс-шара 1 маусым «Балаларды қорғау» күні аясында ұйымдастырылып отыр. Айтулы мереке қарсаңындағы іс-шараның басты мақсаты Ұлы дала елінің ұлдарын имандылыққа, жас жеткіншектерімізді ел жандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Байқау Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің «Мешіт» бөлмесінде ұйымдастырылды. Байқаудың шарты бойынша қатысушылардың жасы 13 жастан аспау, қасиетті құран аяттарын толық жатқа айту керек. Қазылар оқыған аятты мүдірмей жалғастырып мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу тапсырылған. Іс-шараның ашылу салтанатына музей директоры Ж.Әубәкір, қала әкімінің кеңесшісі Ж.Ибрагимов, музей қызметкерлері және байқауға қатысушы мектеп оқушылары қатысты.
Қорық-музей директоры Ж.Әубәкір бұл іс-шараның маңыздылығын айтып, жастарға сәттілік, ақ жол тіледі.
Байқаудың қазылары:
Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры Закария Юлмаз, «Абу Бакр» мешітінің имамы Дәуіт Қазытай. Байқаудың қорытындысы:
1 орын - Игілік Исламнұр (8 жаста, А.Байтұрсынов мектебі);
2 орын - Рахымжанов Асад (9 жаста, №22 мектебі);
3 орын - Айтмахан Диас (10 жаста, №23 мектебінен).
Жүлде қоры:
1 орын 30.000 теңге
2 орын 20.000 теңге
3 орын 15.000 теңге.
Сайыс соңында барлық қатысушыларға музей әкімшілігі атынан марапат қағаздары және баспа өнімдері сыйға берілді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.05.2016
3964
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру