Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау мешіттері Рамазанға дайындық жұмыстарын бастап кетті

31.05.2016 3646 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде аймақ имамдарының жиыны өтті. Қала, аудан, ауыл имамдарының қатысуымен және облыстың бас имамы Смайыл Сейтбековтың төрағалық етуімен өткен жиналыс аясында 2016 жылдың II тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, күн тәртібіндегі маңызды деген мәселелер талқыға түсті.

6 маусым күні басталатын қасиетті Рамазан айы қарсаңында дайындық жұмыстарын жүргізу – басты сұрақтардың бірі болды. Облыстың бас имамы Смайыл Сейтбеков атап кеткендей, Бас мүфти тапсырмасына орай, Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу қажеттігіне баса назар аударылды. Облыстық мешіт Рамазан айының кестесін жасау және тарату жұмыстарын қолға алды. Пітір садақасының көлемі республика бойынша әрі облысымызда  – 200 теңге болып бекітілді. Сонымен бірге жыл сайын Ораза кезінде ұйымдастырылатын қайырымдылық шаралары мен ауызашарларды биыл да көптеп өткізу жоспарланып отыр. Барлық имамдарға нақты тапсырмалар беріліп, уағыз, насихат жұмыстарын күшейту тапсырылды. 1 маусымнан бастап мешіттерде сауат ашу курстары ашылады.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында медреселер мен «Нұр - Мүбарак»  университеті үшін шәкірт  дайындау мәселесі маңызды орын алып отыр. Өйткені жергілікті мамандар дайындауға қашанда ерекше мән берілген.  

Биыл «Нұр-Мүбарак» университетінің 11 түлегі облысымызға қызметке тартылса, медресе бітіруші 4 түлек те діни қызметке келетін болды. «Жас келсе іске» демекші, жас мамандарға барынша қолдау көрсетілетінін өкіл имам айтып өтті.

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру