Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда «Дін мен дәстүр» байқауы мәресіне жетті

31.05.2016 3794 0 пікір

Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Дәстүр –  ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Демек, дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым. Осы ұғымды жас өрендеріміздің санасына сіңіру мақсатында 16-25 жас аралығындағы өрендер арасына аталмыш «Дін мен дәстүр» жинағының мазмұны аясында Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Исенов Нариман Ермекұлының бастамасымен «Дәстүрім – тірегім, дінім – діңгегім» атты облыстық білімпаздар  жарысын ұйымдастырған еді.

Бәйге шарттары облысымыздағы барлық баспасөз құралдары арқылы насихатталып, байқаудың бірінші кезеңіне 100-ге жуық үміткер қатысып, соңғы 3-кезеңіне өткен 10 үміткер әділқазылар алдында билет сұрақтары және қосымша  сұрақтар арқылы ауызша сынақтар тапсырып мәре сызықтарынан өтті.

Әділқазылар шешімі бойынша  Әміренов Фархат Қайратұлы (облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі) бас жүлдеге лайық деп танылса, келесі 1,2,3,4 – орындарды Саяхат Оразбек (С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің студенті), Адалбек Мұратхан (Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің тәрбиешісі), Кетікова Жазира (Ақтоғай ауданы Қараоба ауылы орта мектебі мұғалімі) иеленді.

Ал, Әміржанова Талшын (С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің студенті), Мүфтан Бұғыбайдулла (С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің студенті),  Көлжан Жиенгүл (Павлодар қаласы, ішкі істер департаменті),  Дәулетхан Жанаргүл (С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің студенті), Өзгеріс Қуанар (Ақтоғай ауданы газетінің тілшісі), Исламова Ұлпан (Павлодар обл. білім беру басқармасы) жүлделі орындарды еншіледі.

Жүлдегерлерді марапаттау салтанатты шара 4-маусым күні қалалық Естай атындағы мәдениет сарайында қасиетті Рамазан айына арналған  арнайы рухани бағдарлама аясында өтетін болады.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру