Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти облыстық семинарға қатысты (ФОТО)

30.05.2016 3561 0 пікір

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты облыстық семинар болып өтті. Семинарға ҚМБД-ның наиб мүфтиі Н. Өтпенов, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев, облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаев, облыстық дін істер басқармасының бастығы Р.Есдаулетов, теолог-ғалым М. Патеев және облыс имамдары қатысты.

Семинар барысында ҚМБД-ның наиб мүфтиі Наурызбай Өтпенов Исламның зайырлылыққа көз қарасы, Исламның құндылықтары, діни басқарманың бағыт-бағдары туралы баяндама жасады. 

Сонымен бірге, Наруызбай қажы Тағанұлы Орталық «Иман» мешітінің жамағатымен кездесті. Кездесу барысында Наиб мүфти Рамазан және ораза туралы мәселелерге кеңінен тоқталып, шариғаттың шарттарында айтылған тақырыптарға терең түсінік берді.

Жетісу сапары аясында наиб мүфти жұма намазына қатысып, қажылықтың қасиетті жөнінде әсерлі уағыз айтып, жамағатқа бата берді.

Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру