Жаз айы табиғаттың ерекше құлпырып жайнайтын, көңілге әсемдік әсерін сыйлайтын мезгіл.
Мамырдың осынау мамыражай күндерінде Қасиетті Рамазан айының алдында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ауласына, алдына алуан түсті гүлдер егілді.
Қазақи ою өрнектер үлгісінде сызылған алаңқайларға отырғызылған түрлі-түсті гүлдер әсем мешіттің көркіне көрік қосып тұрады.
«Мешіт облыс орталығындағы көрікті ғимараттардың бірі. Мұнда адам үзілмейді. Құлшылық үйінің айналасы да ерекше жайнап, сұлулыққа бөленіп, құлпырып тұруы тиіс. Сондықтан біз айырықша құлшыныспен мешіттің алдын және ауласын әсем гүлдермен безендіріп жатырмыз. Жаз бойы гүлдерді суарып, арам шөбін жұлып, үнемі қараймыз. Мешіт ауласының әсемдігі келушілерді де ғажайып әсерге бөлейтіні анық» деп атап өтті, Өскемен қалалық «Озеленитель» ЖШС-қызметкері.
Мешіт ауласын әсемдеу, алдағы қасиетті Рамазан айына дайындықтың бір бөлігі ретінде атқарылуда.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2016
3556
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру