
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай Өтпенов Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінде биылғы жылы мектеп бітіруші түлектер және жастармен кездесті. Кездесуге ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Ахмадиев, қалалық білім басқармасының бастығы Болат Тұрысбеков қатысты.
Кездесуде наиб мүфти білімнің маңыздылығы, өмірдің әр кезеңдегі сынақтары туралы тыңдарманның құлағына құяр әсерлі уағыз айтты. Исламның құндылықтары, Құранның қасиеттері және Құранға қатысты ғылыми жаңалықтар мен нақты дәйектемелерді келтірді.
Жиын соңында, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі мектеп бітіруші жас түлектерге сәт сапар тілеп, батасын берді.
Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2016
3519
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру