Бүгін Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде Талдықорған өңірінің имамдарына ҚМДБ-ның 4 құжаты бойынша сараптамалық сынағы аяқталды.
2 күнге жалғасын тапқан сараптамаға арнайы келген ҚМДБ наиб мүфтиі Өтпенов Наурызбай Тағанұлы, сараптама комиссиясының жетекшісі, діни істер бөлімінің меңгерушісі Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ахмадиев Серікхан Рымханұлы қатысуда. Сараптама аясында Талдықорған өңірі бойынша барлығы 160 аса имам-молдалар сараптамадан өтті.
Билет түріндегі бұл сынақты тапсыратындарға 7 сұрақ қойылды. Онда Құран, сүннет және қазіргі зайырлы қоғам, мемлекет істер, еңбек заңы және тағы басқалары көрініс тапты.
Сынақтан соң сөз алған ҚМДБ-ның наиб мүфтиі имам-молдаларға ізгі тілегін айтып, аянбай еңбек еткен имамдарға бас муфти атынан алғыс хатын табыстады.
Талдықорған өңірі бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2016
3750
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру