
Айлардың сұлтаны болған Рамазан айы күн санап жақындап келеді. Қасиетті айды күллі мұсылман қауымы бір кісідей асыға күтіп, сағынатыны белгілі. Содан да болар, күні кеше ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің өзі бас болып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бастау алған дайындық жұмыстары жер-жерлерде жалғасын тауып отыр.
Семей аймағы Қос мұнаралы орталық мешітінің жанындағы ғимаратында имамдар жиналысы өтті. Бас қосуға қала және аудандардағы бас имамдары қатысты.

Аталмыш жиында Рамазан айында атқарылатын іс-шараларын өткізу жоспарланды. Қайырымдылық шаралары, ауызашарлар, пітір-садақа бағасы мен ораза айының мерзімі хабарланды. Биыл ораза 29 күнге созылса, пітір бағасы 200 теңгені құрайды.
Жиында сондай-ақ, намаз уақытына байланысты кестелер, Хазіреттің бұйрығы, шәкірттерді медресеге жолдау мәселесі, баспа газет-журналдарда ақпарат, мақалалардың жариялануы, тәжірибеден өтуші шәкірттердің жұмысы, мешіт құжаттары, имам-молдалардың қызметіне байланысты бұйрықтар жайы талқыланды.

Республикалық Төралқа отырысында болып қайтқан Семей аймғының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы имамдарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, ораза алдында жұмыстарын пысықтап алуды тапсырды. Имамдар Рамазан айына байланысты өзара ұсыныстарымен бөлісіп, аймақтағы діни ахуалды тұрақты сақтап қалудың тетіктерін талқылады. Жиын соңында «Көрікті мешіт» акциясына байланысты бірінші, екінші, үшінші орын алған мешіт имамдары алғыс хатпен марапатталды.
Семей Қос мұнаралы орталық
мешітінің баспасөз қызметі








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2016
3383
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру