
Қасиетті Рамазан қарсаңында ҚМДБ-ның бастамасымен 4-маусым күні Астана мешіттерінің ұйымдастыруымен «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш өтеді. Ұлық айдың құрметіне орай ұйымдастырылып отырған кеште Елорда жұртшылығы үшін рухани-тағылымдық дүниелер ұсынылып, ораза нығметтері жайлы арнайы бейнебаяндар көрсетіледі. Белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев ағамыз жырдан шашу шашып, Құрмаш Маханов, Бейбіт Құшқалиев, «Nomad» және «Серпер» топтары, Қанат Полатбек сынды эстрада жұлдыздарының әнімен әрлене түсетін рухани кеште бұдан басқа тағылымды бағдарламалар қарастырылған.+
Рухани кеш аясында «Әзірет Сұлтан» мешіті ұйымдастырған «Бес парыз және тарих тағылымы» атты республикалық діни мүшәйра қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Айтулы аламанға еліміздің түкпір-түкпірінен 434 ақын қатысқан болатын. Жүлдегер атанған ақындар кеш аясында өлеңдерін оқып, жырсүйер қауымды сөз асылымен сусындататын болады.
Билеттерді Астана қаласының мешіттерінен алуға болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2016
3589
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру