Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медреседе білім сайысы өтті

26.05.2016 3853 0 пікір

Осы аптада Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде «Құран Кәрім» және «Араб тілі» пәндерінен арнайы бекітілген ереже бойынша жарыс өтті. Жарысқа  медресенің барлық шәкірттері қатысты. Шәкірттердің білімі баллдық жүйемен қорытындыланды.  Шәкірттер арасынан «Құран Кәрім»-нен Әлімов Жақып (3-курс, 97 балл), Сайлауұлы Дауылбай (1-курс, 97 балл), Мархаба Рамазан (2-курс, 90 балл) жеңімпаз атанса, «Араб тілі»-нен Сайлауұлы Дауылбай (1-курс, 92 балл), Илмеев Талғат (3-курс, 88 балл), Малғаждар Әділбек (1-курс, 87 балл) –тер басқалардан озық нәтиже көрсетті.  Оларды  медресе директоры С.Аршабаев «Мадақтама хаты»,-мен марапаттып, аталмыш оқу орынның тұрақты демеушілері арқылы  ақшалай сыйлықтар табыстады.

«Медреседе оқылатын барлық пәндер маңызды. Дегенмен Құран және араб тілі негізгі пәндердің бірі. Шәкірттердің осындай жоғары көрсеткішке ие болуда Е.Құдабаев, Е.Совет және Б.Герман секілді білімді әрі тәжірибелі ұстаздардың еңбегі орасан зор. Медресе әкімшілігі алдағы уақытта мұндай білім жарыстарын үзбей өткізіп отыратын болады»,-дейді директор Аршабаев Серікбол өз сөзінде. 

Х. Ташайұлы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру