
25 мамыр күні Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет қаланың барлық бас имамдарымен қала мешіттерінің Рамазанға дайындығын пысықтау мақсатында кезектен тыс жиын өткізді. Жиын барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазанға арнайы жасаған үндеуімен имамдар таныстырылып, оны кеңінен насихаттауға тапсырма берілді.
Рамазан айын барынша тиімді өткізу үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырып, Бас мүфтидің Рамазанға арнайы берген тапсырмалары таныстырылды. Атап айтқанда мешіттерді жарықтандыру, ораза айының құрметіне қайырымдылық шаралар өткізу, ауызашарларды жүйелендіру, Рамазан айына тән өзекті мәселелерді алға тартып, елдің ынтымағын нығайтуға жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар телеарналарға шығудың тәртібі мен әдептері жөнінде сөз қозғалып, бұл жөнінде арнайы ескертулер жасалды.
Бас имам қасиетті айда сауапты амалдарды көбірек істеуге шақыра отырып, мешіттің тәртібі мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған бірқатар мәселелерге тоқталды.
Нұрбек қажы Есмағанбет барша имамдарды Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмаларын бұлжытпай орындау арқылы осы жылғы қасиетті ораза айын жоғары деңгейде өткізуге шақырды.
Шара соңынан абақтылардағы жазасын өтеушілерді оңалту бағытында нәтижелі еңбек көрсетіп жүрген Мұсабек Ақтамбердіге Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алғыс хаты табыс етілді.
Сонымен қатар 2016 жылғы Алматы қаласының ең көрікті мешіттері бәйгесінің жеңімпаздары «Байкен», «Қалқаман-2» және «Әл-Азим» мешіттері Бас имамның қолынан марапатталды.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.05.2016
3850
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру