.jpg)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үстіміздегі жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жариялағаны белгілі.
Осыған орай Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің дін өкілдері қала халқына, әсіресе, жастарға оның мән-мағынасын ұғындыру мақсатында елеулі жұмыстар атқаруда.
Соның бір жарқын айғағы ретінде жуырда Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институттың «Тарих және өнер» факультетінің студенттерімен «Дін және тарих тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дінді тарихтан ажыратуға болмайды. Сондықтан да діни басқарманың бастамасын барша мұсылман қауымы қолдайды. Жер-жерде осындай тағылымды кездесулер мен жүздесулердің ұйымдастырылып жатқаны соның нақты дәлелі.
Басқосу өте әсерлі өтті. Себебі, жиналған студент жастар өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.05.2016
3219
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру