Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зираттың маңы тазаланды

25.05.2016 3444 0 пікір

Жылда көктем келісімен зираттардың айналасын тазалау жұмыстары жүргізілетін. Биыл да бұл шара өзінің жалғасын тапты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет осы шараға ерекше көңіл бөлуде.

Соның айғағы ретінде жақында Қостанай шаһарындағы Әуежай маңындағы орын тепкен қабір басын, зираттарды тазалау жұмысы ұйымшылдықпен атқарылды.

Оған мешітке келушілер мен дін өкілдері белсене қатысып, өздерінің бойларындағы асыл қасиеттерін көрсетті.

Осы тазалыққа байланысты жұмыстың басы-қасында облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы және Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан Әмірхановтар болды.

- Дүниеден өткен ата-бабаларымызға, барша азаматтарға құрмет көрсету тірілердің парызы. Сондықтан да мұндай игі мақсаттағы шаралар облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы зираттарда жалғасын табады,- дейді ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру