Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда мешіт жанындағы көлік тұрағы жаңартылды (фото)

25.05.2016 3151 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешіт жанындағы көлік қоюға арналған алаңға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Көптен шешілмей келе жатқан мәселені айтып, облыс имамы С.Сейтбеков рамазан айына даярлық жүргізу мақсатымен Ақтау қаласы әкіміне өтініш жасаған болатын. 

Қолға алған іс сәтті аяқталып, 3900 шаршы метр жер тегістеліп, асфальттанды. Енді мешіт жанындағы темір тұлпар тізгіндейтін тұрақжай ыңғайлы орынға айналды. Алдағы уақытта арнайы жол белгілері сызылып, жарықшамдар қойылмақ. 

"Қала жолдары" ЖШС басшысы Мұқан Көбейсінге алғысын айтып, қала әкіміне өз ризашылығын жолдаған өкіл имам С.Сейтбеков оларға мұсылман үшін ең үлкен сыйлық - Құран Кәримді сыйға тартты. 

 

Маңғыстау облыстық орталық

 мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру