Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласында «КӨРІКТІ МЕШІТ-2016» бәйгесі қорытындыланды (ФОТО)

25.05.2016 3896 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дәстүрге айналып келе жатқан үрдіс бойынша биылғы көктем маусымында еліміздің мешіттері арасында Республикалық деңгейдегі «Көрікті мешіт-2016» атты тазалық бәйгесін жариялаған болатын.

Елуге жуық мешіті бар әсем қала Алматыда мешіттер арасында іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Діни басқарма тарапынан қойылған шарттарға сәйкес қаламыздағы мешіттер арнайы құрылған комиссия арқылы қадағаланып, сәні мен сәулеті жарасқан көрікті 3 мешіт таңдап алынып, төмендегі орындарды иеленді:

 

1-орын: Бостандық ауданы «Бәйкен» мешіті

2-орын: Наурызбай ауданы «Қалқаман-2» мешіті

3-орын: Алатау ауданы, «әл-Азим» мешіті

 

Аталған мешіттер енді Республикалық деңгейдегі «Көрікті мешіт-2016»  бәйгесіне жолдама алады. Ал Республика көлеміндегі ең көрікті 3 мешіт алдағы күндері ҚМДБ бекіткен комиссия тарапынан анықталатын болады.

 

 

Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бостандық ауданы «Бәйкен» мешіті

Наурызбай ауданы «Қалқаман-2» мешіті

Алатау ауданы, «әл-Азим» мешіті


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру