Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мәшһүр Жүсіп» мешіті байқаудың 2-кезеңін өткізді

24.05.2016 3516 0 пікір

ҚМДБ-ның тікелей бастамасымен жуырда ғана еліміздің мұсылман қауымының руханиятына баға жетпес  үлес болып қосылған «Дәстүрлі Ислам жауһарлары» кітабының алғы сөзінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Халық бар жерде дін де, діл де өркендейді. Қазақ халқы асыл дінді жүрек қалауымен қабылдап, сан ғасырдан бері сапалы ғұмыр кешіп, өнегелі өмір салтын қалыптастырып келеді. Біз кеше ғана мұсылман болған ел емеспіз. Біз  дін мен дәстүрді ардақтаған, салтын сақтай білген жоралы жұрпыз»,-деген еді. Иә, қазақ халқының бұрындары  өткен  біртуар пенрзенттерінің өмірбаянымен танысқанда: «Әуелі ауыл молдасынан сауатын ашып, хат таныған» деген деректердің өзінен-ақ ұлтымыздың рух тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, дін мен ғылымның негізін түсіндіріп, ұрпағының танымын кеңейтіп, жақсылыққа шақырып, жамандықтан алыс болуға үндейтін дала академиясының қалыптасқан мектептері болғанын аңғарамыз.

Осы танымдық мектептің негізгі мағлұматтарын жинақтаған «Дін мен дәстүр» кітабын  насихаттау мақсатында облыс жастары арасына  «Оқып, тоқы да көлік ұтып ал!» жарнама жасалған қомақты жүлделі бәйгені Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті жариялағаны баршаға белгілі. Осы аптада аталмыш бәйгенің 2- кезеңі нәтижелі ұйымдастырылып өтті. Бәйгенің екінші кезеңіне бірінші кезеңінен суырылып шыққан 20 үміткер бағын сынап, олардың арасынан үздік нәтиже көрсеткен  10 үміткер бәйгенің соңғы, 3-кезеңіне жолдама алды. Екінші кезеңде үміткерлер тест жобасы бойынша «Дін мен дәстүр» кітабының толық мазмұнын қамтыған 80 сұраққа жазбаша жауап берді.

 Байқау барысында жергілікті журналистер үміткерлер мен ұйымдастырушылардан сұхбат алып  білімпаз жастардың  «Дін мен дәстүр» кітабын оқу арқылы халқымыздың рухани қазынасынан қаншалықты сусындағаны туралы жүрекжарды лебіздерін  облыс халқына насихаттады.

«Байқаудың 3-кезеңінде  әділқазылар алқасы алдағы  үміткерлердің білімін сұрақ-жауап билеттері бойынша және қосымша қойылатын  сұрақтар арқылы тексеріп әділ шешімін қабылдайтын болады»,-дейді Павлодар облысының өкіл имамы Нариман Ермекұлы.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Үшінші кезеңге жолдама алған үміткерлер тізімі:

 

1.Әміренов Фархад  100 ұпай

2. Адалбек Мұратхан 100 ұпай

3.Оразбек Саяхат 97 ұпай

4.Кетікова Жазира 90 ұпай

5. Дәулетхан Жанаргүл 86 ұпай

6.Жиенгүл Көлжан 84 ұпай

7. Әміржанова Талшын 83 ұпай

8.Мүфтан Ұғыбайдулла 80 ұпай

9. Ілиясова Ұлпан 79 ұпай

10. Өзгеріс Қуанар 76 ұпай

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру